Семейде бір үйір ит аудан тұрғындарын үрейде ұстап отыр

Энергетик кеңтінің тұрғындары аудандарында бір үйір қаңғыбас ит жүр деп шағымдануда.

Белгілі болғандай, бір-неше ай бойы 5-6 қаңғыбас ит аялдама мен балалардың алаң ойынын мекендеп алған. Автобустан түскен адамдарға үріп, тіпті жүгіре кеткен жағдайлар да болған екен.

Қуып жібейік десек, иттер үлкен. Бізді, балаларымызды қауып алады ма деп қорқамыз. Балаларымызды жалғыз далаға шығармаймыз. Жалпы ауданда бос жүгіріп жүрген иттер көп, дейді аудан тұрғыны Ажар Жанатова.

Тұрғындардың айтуынша қаңғыбас иттердің мәселесін учаскелік полиция инспекторына айтқан, бірақ мәселе әлі шешілген жоқ. Ал облыстық Ветеринария басқармасы басшысы Ержан Барышевтың айтуынша, тұрғындардан ресми шағым болуы керек.

Бізде қаңғыбас жануарларды ұстау, ату бөлімі бар. Егер ресми шағым болса, қызметкерлер аталған мекен-жайға бір тәуілік ішінде барады, — деді Ержан Барышев.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында үй жауарларын чиптеу басталды.

Сурет: тұрғындардан