Қазақстандықтар 15 миллион теңгенің трансформаторларын ұрлап, Қырғызстанға сатып жіберген

Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты.

Полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды.

"Келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асады. Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағандыға жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген. Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты", — делінген хабарламада.

Ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сурет: ашық дереккөздерден