Қазақстанда ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады

Бұл туралы Әділет министрлігінде мәлімдеді.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл жаңашылдық ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін ресімдеу процесін анағұрлым жеңілдетеді. Азаматтар нотариусқа жүгінбей-ақ қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады. Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.

"Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығындарды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі" — деп атап өтті Бекболат Молдабеков.

Қызметті алу үшін:

  • "eGovMobile" платформасында тіркелу;
  • өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
  • бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу;
  • нотариустың қызмет ақысын төлеу;
  • нәтижесінде, құжат "Цифрлық құжаттар" сервисінде қолжетімді болады.

Сурет: ашық дереккөздерден