Нотаруис қызметін төлеуден кім босатылады

Krisha.kz кім және қандай жағдайда төлемнен босатылатынын анықтады.

Нотариус қызметін төлеу екіге бөлінеді:

— мемлекеттік баж;

— құқықтық және техникалық қызметтер (тек жеке мамандар төлейді).

— Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

— жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

— Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар;

— 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеп (қызмет еткен), ҰОС жылдарында тылдағы қайсар еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін КСРО-ның орденімен және медалімен марапатталмаған адамдар;

— мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек немесе мүгедек баланың ата-анасының бірі;

— «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар.

Ішiнара босатылады — қорғаншылық тағайындалған cозылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке тұлғалар — өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алған адамдар.

— нотариалды куәландыруға жататын құжат жобасын өз бетінше дайындаған жеке және заңды тұлға;

— жалпы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

— ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар;

— I және II топ мүгедектер;

— жасы бойынша зейнеткерлер;

— есептелген, бірақ төленбеген еңбекақыны және басқа төлемдерді талап ету бойынша өндіріп алушылар.