Семейде 10 сәуірден бастап жылу өшіріледі

Семей қаласында жылыту маусымы аяқталуға жақын.
Биыл жылыту маусымы ақаусыз өтіп, орталықтандырылған жылыту жүйесімен барлығы 2 535 тұрғын үй, 2 404 заңды тұлға (ЖШС, АҚ, ЖК), 134 білім беру мекемесі, 37 денсаулық сақтау ұйымы, 26 әкімшілік ғимарат қамтылды.
"Ауа райының жылынуына байланысты қалада 10 сәуірден бастап жылу беру кезең-кезеңімен өшіріле бастайды", — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
2024 жылы жоспар бойынша ЖЭО–1 және 9 жылу көзінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 3,76 шақырым болатын ОЖП-518 және кварталіші жылу желілерінің реконструкциясы аяқталды. Ал 2025 жылы 12 жылу көзін жөндеу жоспарланған.
Аталған жұмыстар келесі жылу маусымына дайындықты сапалы түрде қамтамасыз ету мақсатында жүргізілмек.
Сурет: pixabay.com