Семейдегі ірі сауда орталығының біріндегі дәмханада өрт шықты

ТЖМ қызметкерлері өрттің сауда үйіне таралуына жол бермеді.

Белгілі болғандай, төрт қабатты сауда орталығының төртінші қабатында орналасқан дәмхана бөлмесінде өрт шықты.

"Өрт сөндірушілер шұғыл жетіп, жалынның ғимаратқа таралуына жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда", — делінген хабарламада.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі