Қазақстан теңіз айлағының әлеуеті зор
Қазақстанда теңіз жүк тасымалы белсенді дамып келеді. Көлік департаменті LS-ке саласының ең перспективалы жобаларын тізімдеді.
Ақтау теңіз портында қуаттылығы 300 мың ЖФЭ (жиырма футтық баламасы) контейнерлік хаб құрылады. Биыл оның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, оң сараптама алынды.
Жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын (БК) құрылады. Инвестор ретінде Қытайдағы ең ірі теңіз айлақтарының бірін басқаратын компания тартылды. Шілде айында " Қазақстан темір жолы" мен "Ляньюньган порты" компаниялар тобы арасында тиісті келісімге қол қойылды. Әлеуеті зор жобаны "Ақтау теңіз порты" АЭА базасында іске асыру жоспарлануда. Бұл корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығынан босатуды қамтамасыз етеді. Іске асыру мерзімі-2025 жыл.
Құрық портында қазақстандық Semurg Invest компаниясы (инвестор Abu Dhabi Ports) құны 98 млрд теңге және қуаты 9,4 млн тонна болатын "Саржа" көпфункционалды терминалын салуды бастады. Бұл нысанға астық (1 млн тонна), мұнай құю (4,5 млн тонна) және әмбебап (2,9 млн тонна) терминалдар кіреді. Іске асыру мерзімі 2027 жылға дейін.
Бұдан басқа, интермодальдық тасымалдарды дамыту үшін теңіз бағытына автокөлік құралдары тартылмақ. Министрліктің мәліметінше, жүк көліктері Баку портынан Түркия мен Еуроодақ елдеріне қарай белсенді жүріп жатыр.
Сондай-ақ, мүмкіндіктерді арттыру мақсатында 2030 жылға дейін паром флотын (төрт бірлік) кеңейту және танкерді (үш бірлік) құру жоспарлануда.