Қай елдер Қазақстанда мұнай өндіреді

2024 жылы Қазақстанда 87,7 млн тонна мұнай өндірілді. LS тілшісі еліміздің жер қойнауынан қара алтынды қай елдер өндіргенін анықтады.

Энергетика министрлігінің LS-тің ресми сұранысына берген мәліметіне сәйкес, Қазақстанның үлесі – 33,1% немесе 29,1 млн тонна.

Екінші орында АҚШ – 30,9% (27 млн тонна).

Үшінші сатыда Еуропа елдері – 18,4% (16,1 млн тонна).

Қытай 11,4% немесе 10 млн тонна мұнай өндірсе, Ресейдің үлесі 3,5% (3,1 млн тонна) болды.

Қалған елдердің еншісінде 2,7% немесе 2,4 млн тонна.