Қазақстанда жаңа мұнай құбыры салынады

Қазақстанда жаңа мұнай құбыры мен мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) салу мүмкіндігі қарастырылуда. Энергетика министрлігінде LS-ке егжей-тегжейі айтылды.

Министрліктің ақпараты бойынша, мұнай өндірудің өсуін және орта мерзімді перспективада жаңа теңіз жобаларын енгізуді ескере отырып, тасымалдаудың қосымша бағыттарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл Транскаспий халықаралық көлік маршрутының мүмкіндіктерін кеңейту шеңберінде жүзеге асырылады.

Каспий түбінде жаңа мұнай құбырын салу мүмкіндігін қарастыру үшін басқа да қажетті шараларды зерделеп, есептеулер жүргізуге және іске асыруға қосымша уақыт қажет болады.

Сонымен қатар, осы теңізді кесіп өтетін елдермен келісу қажет болады. Бұл Ресей, Түрікменстан, Иран, Әзірбайжан.

Бұдан басқа, Қазақстанда мұнай өңдеуді ұлғайту үшін тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Жаңа МӨЗ-ң жобасы 2030 жылға дейін айқындалатын болады.