Тоқаев Индонезия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.