Абай облысында жүргізушілерге айыппұл салынуда

Жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге жол бермеген 109 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады.

Бұл шаралар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің өмірін қорғау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Жол қозғалысы ережелері бойынша, жүргізушілер арнайы өткелдерде және тиісті белгілер көрсетілген жерлерде жаяу жүргіншілерге міндетті түрде жол беруі қажет.

Абай облысы Полиция департаменті барлық азаматтарды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

  • Жүргізушілерге — өткелдерге жақындағанда жылдамдықты азайтуға және қозғалысқа ерекше назар аударуға кеңес беріледі.
  • Жаяу жүргіншілерге — жолды тек рұқсат етілген жерлерден өтіп, алдымен қауіпсіздікке көз жеткізу ұсынылады.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі