Алматыда Sana Business Forum өтпек
Қазақстандағы тұңғыш қазақша форумның екінші кезеңі – "Sana Business Forum 2.0" 2024 жылы 13-қазанда Алматы қаласында өтеді.
"Sana Business Forum 2.0" – бизнес саласындағы жаңа трендтерді талқылау, кәсіпкерлер мен сала мамандарының арасында байланысты нығайту және жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашудағы кәсіби платформа.
Басты баяндамалар тақырыптары:
- Экономикалық трендттер және бизнес;
- Халықаралық брендпен бизнес: Дистрибуцияның құпиялары;
- Аз уақыт ішінде үлкен нәтижелерге жету жолы;
- Идеядан империяға: Шағын бизнесті масштабтаудың сәтті кейстері;
- Сату және маркетинг: Әлеуметтік желілерде компания өнімдерін тиімді жылжыту стратегиялары;
- Бизнес және қателіктер: Мен құлаған 10 шұңқыр;
- Креативті маркетинг: қарапайым кәсіпті танымал брендке айналдырудың құпиялары;
- Бәсекелестерден бір қадам алда: Sana Lab-тың тиімді бизнес модель құру жолы;
- Технология мен креатив: Бәсекеге қабілетті өнімдерді әзірлеудің инновациялық тәсілдері;
- Чемпионның формуласы: Мақсатқа жетелейтін мызғымас қағидалар;
- PR және бизнес: Қоғаммен байланыста шынайы ықпал мен бедел құру.
Спикерлер:
Мақсат Халық – SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының, SANA BUSINESS ACADEMY төрағасы,
Арслан Назаралиев – SONA Lab, Med Progress, Nomad, Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы.
Аятжан Ахметжан – Qazbilim Group компаниясының негізін қалаушы.
Болатбек Дәлелханұлы – Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры
Гульбану Майгарина – Lanzhou ресторандар желісінің негізін қалаушы.
Ерлан Андаспаев – Coca Cola, Food Master компанияларының ресми дистрибюторы.
Шыңғыс Мұқан – Mazmundama және Coffee Book жобаларының негізін қалаушы.
Асхат Нұрмашев – кәсіпкер, венчурлық инвестор және IT саласының маманы. Asarume қоғамдық қорының негізін қалаушы.
Форумға қатысу үшін және маңызды жаңалықтардан қапы қалмас үшін сайтын қараңыз.