Алматыда ер адам қызғаныштан әйелді өлтіріп тастаған
Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады. |
Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген полиция таратқан хабарламада.
ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.