Алматыда пәтер бағасы тағы өсті

Алматыда екінші нарықтағы тұрғын үйдің бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды LS.

2025 жылғы қыркүйекте республика бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метріне 549,3 мың теңге болды. Тамызда бұл көрсеткіш 538,5 мың теңге еді. Бұл өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 11,3 пайызға жоғары.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жаңа пәтерлердің ең жоғары бағасы Павлодарда – 26,4%. Мұнда бір шаршы метрдің орташа құны 454,2 мың теңге болды. Қызылордада өсім 15,3%-ға (386,3 мың теңге), Шымкентте 15,2%-ға (515,3 мың теңге), ал Алматыда 15,1 пайызға (648,2 мың теңге) жетті.

Астанада жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 650,1 мың теңге болып, бір жылда 14,3%-ға қымбаттады.

Екінші нарықтағы тұрғын үй де қымбаттап келеді. Ел бойынша орташа өсім 10,3%, яғни бір шаршы метрдің бағасы 566,9 мың теңгеге жетті.

Қалалар бойынша көрсеткіштер мынадай: Ақтөбеде – 18,9% (344 мың теңге), Павлодарда – 18,8% (431,7 мың теңге), Түркістанда – 16,2% (406 мың теңге).

Ең жоғарғы баға өсімі Алматыда – 17,9%. Бір шаршы метрдің орташа құны 701,1 мың теңгеге дейін көтерілді.

Астанада өсім 6,3% (678,2 мың теңге), Шымкентте 10,5% (457,5 мың теңге).

Пәтер жалдау құны да артты. Орта есеппен ел бойынша баға 9,9%-ға өсіп, 1 шаршы метріне 4,7 мың теңге болды.

Жалдау ақысы қымбаттаған қалалар – Ақтөбе (40,7%), Жезқазған (18,7%) және Көкшетау (15,4%).

Алматыда жалдау ақысы жыл ішінде 3,4%-ға өсіп, 5,5 мың теңгеге жетті.

Астанада бұл көрсеткіш 18,1% (5,2 мың теңге), Шымкентте 8,4% (4,1 мың теңге) болды.

Айлық өзгерістерге келсек, тамызбен салыстырғанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 2,1%-ға, оның ішінде Астанада 5,1%-ға, Таразда 2,4%-ға өскен.

Екінші нарықтағы өсім 1,5%-ды құрады. Ең жоғары өсім Талдықорғанда (3,3%), Шымкентте (3,1%) және Астанада (2,2%) тіркелді.

Пәтер жалдау ақысы бір айда 2,8%-ға қымбаттады. Ең жоғары өсім Шымкентте (5,7%), Атырауда (4,8%) және Алматыда (2,7%) байқалды.

Бұған дейін, LS редакциясы келесі жылдан бастап тұрғын үй нарығында қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктердің жойылатынын хабарлаған болатын. Бұл өзгеріс бағаға қалай әсер ететіні туралы толық ақпаратты сайттан оқуға болады.