Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жедел штаб құрылды

Штаб отырысы күн сайын өткізіліп, одан кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновке есеп беріледі.

Жедел штаб құрамына мыналар кіреді:

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, басшы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
  • Қазақстан Республикасының Көлік министрі;
  • Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі;
  • "Самұрық-Қазына" Халықтық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша).

Штаб отырысы күн сайын өткізіліп, одан кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновке есеп беріледі.

Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымда күшіне енді.

Сурет: primeminister.kz