"Мектепке хиджаб киюге рұқсат беретін оқу министрі министрлікті қойып, отставкаға кетуі керек" - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы мектептегі хиджаб тақырыбын қозғады.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мектепке хиджаб киюге рұқсат беретін оқу министрі министрлікті қойып, отставкаға кетуі керек.

Мектеп жасындағы бала орта мектепті оқып, тым болмаса, 9 сыныпты бітіріп, куәлік алғанша медреседе оқуға тыйым салынуы шарт. Медреселерге тек 9-11 сыныптан кейін ғана қабылдауға рұқсат берсе болады. Онда да медресені қаптатып көбейтпей, дінді фанаттық деңгейде емес, сауатты түрде, саналы, ғылыми бағытта оқытатын бір-екеуі болса жетіп жатыр... Әйтпесе күнің қараңғы, болашағың бұлыңғыр, өзің надан ұлт боласың, ей, ҚАЗАҚ!!!.......

НЕВЕЖДА, НАДАНДАР ҰЛТТЫҢ ДА, МЕМЛЕКЕТТІҢ ДЕ, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ДЕ ТҮБІНЕ ЖЕТПЕК...

Қай жағынан қарасаң да, соры қалың ел болдық қой", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.