Қазақстанда ауа райына байланысты 700-ден аса адам жабық жолдардан пойызбен тасымалданды
Мұндай мәліметті "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі ұсынды.
Адамдарды тасымалдау Сарыбел , Макинка, Ельтай, Ақкөл, Ерментау, Екібастұз және Курорт-Бурабай станцияларынан ұйымдастырылды.
"Жолаушыларды тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр. Компания қолайсыз ауа райы жағдайында азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және аса қажеттілік болмаса сапардан бас тартуға шақырады", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Щучинск қаласынан шығаберісте 260 көлік құралының тұрғаны хабарланған болатын. Қалалық жылыту пунктіне құтқарушылар 73 адамды, соның ішінде 29 баланы эвакуациялаған.
Сурет: "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі