Ақмола облысында 200-ге жуық бала Президент шыршасының қонағы болды

Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде Қазақстан Президентінің атынан дәстүрлі жаңажылдық қойылым өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, Ақмола облысының бас шыршасы «Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында жағылды.

Мерекелік іс-шараға облыстың барлық ауданы мен қалаларынан 200 жуық бала қатысты. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының атынан бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Бүгін мемлекет сіздер үшін қажеттінің бәрін жасауда, жаңа мектептер салынуда, жақсы білім алу үшін жағдай жасалып жатыр. Президент атап өткендей, егер балалар бақытты болса – бұл мемлекеттің болашағы зор екендігінің көрсеткіші. Біздің басты байлығымыз – сіздер», — деді өңір басшысы.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шортанды ауданынан келген «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы 12 жасар Әлжан Төлеген үшін облыстық шырша өмірдегі ең есте қаларлық және маңызды оқиғалардың біріне айналды.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Мені шақырған кезде қатты қуандым. Бұл менің өмірімдегі маңызды оқиға. Мен мұны әрқашан есте сақтаймын. Бізге осы қуанышты сыйлағаныңыз үшін рақмет», — деді қатысушы.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама театрландырылған қойылыммен және ертегі кейіпкерлерінің сүйемелдеуімен ашылып, шыршаны жағумен жалғасты.

Мереке соңында қоңақтарға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар және тәтті сыйлықтар түріндегі жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі