Абай облысы колледждері базасында оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру лагерьлері ұйымдастырылады
Кәсіптік бағдарлау лагерлерін ұйымдастыру мектеп оқушыларын әртүрлі салалардағы болашақ мамандықтарға дайындауға бағытталған.
«ЭКОorman» лагері Бесқарағай колледжінде ұйымдастырылады. Оның басты мақсаты — балалардың жазғы демалысын, экологиялық тәрбиені және терең экологиялық білімді қалыптастыруды қамтамасыз ету. Лагерь балалардың физикалық, психикалық және эмоционалдық денсаулығын нығайтуға, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Жобаның бірегейлігі балалардың қоршаған ортаға және еңбекке эстетикалық қатынасын қалыптастыруға ғылыми-білім беру бағытында жатыр. Балалар дамытатын құзыреттердің қатарына ландшафты дизайн, флористика, гүлдер, ағаштар мен көкөністер отырғызу, жылыжайда жұмыс істеу, сондай-ақ мамандықтар бойынша шеберлік сыныптары кіреді. Сонымен қатар Шошқалы көліне экскурсия жоспарланған.
Радиотехника және байланыс колледжінің базасында құрылған «SmartkriS» кәсіптік бағдарлау лагері танымдық және жобалық қызмет арқылы IT-құзыреттер саласында дағдылар алуға мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайды. Бұл жобаның бірегейлігі «World Skills» халықаралық стандарттарына сәйкес IT-бағытты дамытуда. Оқытудың ойын моделі арқылы балаларға жобалар жасауға мүмкіндік алады. Компьютерлік графика, веб-дизайн, бағдарламалау, мобильді робототехника, желілік және жүйелік басқару, заттар интернеті, ақпараттық кабельдік желілер, электроника және CAD инженерлік графикасы сияқты бағыттармен айналыса алады.
Геологиялық барлау колледжінде базасында «Жас геолог» кәсіптік бағдар беру лагері ашылады. Оның мақсаты-геология ғылымдарына баса назар аудара отырып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жастарды геология саласына тарту және танымдық қызығушылықты дамыту. Жобаның бірегейлігі-ғылыми зерттеулер мен туристік маршруттар арқылы жердің құрылымын зерттеу. Лагерь бағдарламасы аясында балалар минералогия мен петрографияны, геологиялық бағыт, гидрогеологияны, магнитометрияны, мұнай мен газды іздеуді, қауіпсіздік техникасының негіздерін және далалық тұрақты ұйымдастыруды зерттейтін болады.
Келесі лагерь — Электротехникалық колледжі базасындағы «ІТ-лагерь» кәсіптік бағдар беру жазғы лагері. Лагерьдің мақсаты-оқушылардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын дамыту және өндірістік процестерге назар аудару. Жобаның ерекшелігі-оқушыларды хакатондарға, стартаптар конкурстарына және IT-бағыттар жарыстарына қатысуға дайындау.
Сондай-ақ Бизнес және сервис колледжі базасында жылда «Profi Camp» жазғы демалыс лагері жұмыс істейді. Лагерь 8 жастан 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған. Белсенді демалысты, сауықтыруды және ерте кәсіптік бағдарлауды біріктіретін бірегей бағдарлама ұсынылған. Бағдарламада бес негізгі бағыт бар: «Жас аспаз», «Тәтті өмір», «Өз-өзіне стилист», «Сән және дизайн ханшайымы», «Біз туристпіз». Бұл бағыттар балалардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін ашуға, сондай-ақ құнды білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылған.
Кәсіптік бағдарлау лагерлерін ұйымдастыру мектеп оқушыларының кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және оларды әртүрлі салалардағы болашақ мамандықтарға дайындауға бағытталған. Лагерьлердің әрқайсысының бағдарламалары нақты құзыреттерді дамытып қана қоймайды, сонымен қатар балаларға практикалық білім мен тәжірибе алуға көмектеседі, бұл олардың кәсіби қалыптасуына маңызды қадам болады.
Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі